Осы адам – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Осы адам» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2903
Қандай қызық осы адаммен кездесу,
Қуанам мен қараймын да таңданып,
Ажарында, я жанында кірбең жоқ,
Ішінде оның тұрған шығар шам жанып.
Ішінде оның тұрған шығар шам жанып,
Қашан көрсең төңірегі оның жап-жарық.
Қандай екен, қандай екен жүрегі,
Көрер ме еді көкірегін қақ жарып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері