Тіге ғой – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Тіге ғой» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1617
Тіге ғой, сәулешім, кестеңді,
Кестеле ақшылға көкпенен.
Түсірші жазғы бір кешті енді
Бояуы сиқырдай жіппенен.
Отырдың қасымда көңілді,
Сөз еттік өткен бір сапарды.
Бұлдырап Сырымбет көрінді,
Шақырдық алыстан Ақанды.
Шақырдық. Келді ол жайдары,
Құласын қаңтарып тастады.
Шаққандай арманын ойдағы
Жай ғана Гаккуін бастады...
Күн батты, көкжиек қызарды,
Ән тынды, серіміз аттанды.
Кетті ол толтырып жұлдызға
Жаңағы тұңғиық аспанды.
Тіге ғой, сәулешім, кестеңді,
Кестеле солардың бәрін де.
Көрсетші сол әсем кештерді,
Көрсетші Ақанның әнін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері