Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 895
Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған,
Ағысты арна іздедім аңыздардан.
Шырылдап шегірткелер шілде түссе,
Талықсып таң келеді тамыздардан.
Құлпырып мың бояуға тұнып тұр ма,
Құбылып құбыла тұр қырық нұрға.
Күн қалды шуақтары шашыраумен,
Ай қалды ақ сәулесі сынып қырда.
Кеш қалды сүрінумен көлеңкеде,
Өксіді өгеймін деп өлең-төбе.
Шынайы әлденені іздеп жүрмін,
Ертегі іздеуші едім мен ертеде.
Жыл қалды, күндер қалды, апта қалды,
Айта алмай аһ ұрумен аппақ әнді.
Бұрын да мына жалған шұбырынды,
Қазір де алқа көлді, ақ табанды.
Мән басқа, мазмұн басқа, тақырып бір,
Алты қыр арлан күнін шақырып тұр.
Бағана самал нұрын жаққан кезде,
Көк аспан көкшіл бояу сапырып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері