Балапан қаз – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Балапан қаз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 1
  • 9656
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.

Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Фк

Күшті

Осы автордың басқа өлеңдері