Мен кейде ұқсап кетем жарық күнге – Толқын Қабылша

Бұл бетте «Мен кейде ұқсап кетем жарық күнге» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2455
Мен кейде ұқсап кетем жарық күнге,
Сүйер болсам, сүйемін жанып мүлде.
Мынау жақсы, жаман деп алаламай,
Жанымды жайып салам самаладай.
Шұғыласы сарқылмас келбетіммен,
Іздеймін бе бір шуақ жер бетінен.
Жанның бәрін «жақын» деп сенемін де,
Күйіп жанып күн кешем өлеңімде.
Аңсарымды түн ұрлап кеткенде де,
Аяулыма бір мезет кектенбегем.
Күлімдеген дәл осы кескініммен,
Қиянатқа қимадым ешкімді мен.
Кінәліні кешіріп, күнәні да,
Күн боп сүйіп өтемін бес күнді мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері