Менің музам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің музам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3350
Қанағат қып өзімде барға деген,
Жазбадым жалтақ өлең, заржақ өлең.
Оған менің жыртық жең жырым куә,
Бір жолыңды саудаға салған емен.
(3. ТІЛЕУЖАНОВ. Ой ағысы. 3-бет)
Әдетімнен жомарттық танған емен,
Ақырындап, аяңдап барға келем.
Төгіп-шашып отырам барым болса,
Шылым шеккен қыздарға арнап өлен..
Ағыл-тегіл жыр ағып арнаменен,
Қиял шіркін кетеді самғап ерен.
Сыбырлайды Муза кеп құлағыма,
Ақын болмай асатын сонда менен.
Жазған емен, бірақ та жалған өлең,
Өткен күнді көксейтін заржақ өлең.
Оған менің жыртық жең жырым куә,
Бір жолын да саудаға салған емен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері