Санамақ – Жеңіс Қашқынов

Бұл бетте «Санамақ» атты Жеңіс Қашқынов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2019
  • 0
  • 0
  • 4505
Бір дегенім – белдік,
Екі дегенім – ерлік.
Үш дегенім – үміт,
Төрт дегенім – түбіт.
Бес дегенім – балта,
Алты дегенім – алқа.
Жеті дегенім – жалбыз,
Сегіз дегенім – сағыз.
Тоғыз дегенім – тоқу,
Он дегенім – оқу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері