Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 532
Шаршағам-ау,
iсiн көрiп iскердiң.
Шаршағам-ау,
iшiн көрiп iскеннiң, –
екi кештiң арасында апыр-ай,
жан шошитын үрейлi бiр түс көрдiм.
Ойым бөлек дей алмаймын өзгеден,
ол үрейдi өзгеден де сезген ем...
Түс көрдiм мен қызылiңiр,
ымыртта –
жын-шайтандар көшетұғын кезде мен.
Бұл дүние жатыр екен жасып бiр, –
үрейi де,
реңi де қашып бiр...
ауыр қара көлеңкелер тұнжырап
иығынан ұлы елiмнiң басып тұр.
Әлденемен жүзiн,
түрiн қалқалап
көлеңкелер астыменен анталап, –
қаптап шығып құжынаған бiреулер
Алатауды бара жатты арқалап.
Тастар құлап,
жолдар қалды үзiлiп,
Күн батыс жақ тұрды жанып қанталап...
Кеттiм сонда өртенiп-ақ,
жанып-ақ!
(Назаланып қалды ма екен аруақ).
Сарыарқамды –
пiскен нандай ұлы алып
бiреулер тұр иығына салып ап...
Әлденеден босап шығып кете алмай,
Әлденеден құрып қойған өте алмай, –
Сарыарқамды бермеймiн деп ешкiмге
қолды созам,
қолды созам жете алмай.
Бұл не деген сұмдық едi ғаламат.
Адам деген жынданар-ау қарап-ақ...
Бiреулер кеп тасып жатты Каспийдi
Мата-сынды толқындарға орап ап.
Жасып қалды бүкiл айбар,
айбыным.
Уын жұттым қасiрет пен қайғының.
Кетiп бара жатты менiң, –
апыр-ай!
толқындардың орамында байлығым.
Омырылып,
өз-өзiмнен бүгiлiп,
бор сияқты бара жаттым үгiлiп.
Көлдерiмдi жалтыраған күмiстей
Көлтауысар жатты дейсiң сiмiрiп...
Өксiсем мен –
одан сайын өшiгiп.
Тепсiнсем мен –
одан сайын есiрiп,
құжынаған қаптап кеткен бiреулер
ормандарды бара жатты көшiрiп...
Шатасқандай болды ой мен ақыл да.
Араласып кеттi жырақ,
жақын да!
Бәрiнен де,
бәрiнен де айырылып
қалдым жалғыз қу мекиен тақырда.
Дем жетпестен өкпе, жүрек қағынып,
алқынып тұр кетердей-ақ жарылып.
Сол бiр түстен кеттiм кенет оянып,
жатыр екем қара терге малынып.
Тiршiлiктiң бағы да көп,
оғы көп,
Мынау өмiр жақсарар ма оңы кеп...
Жұбаттым ғой, –
әйтеуiр мен өзiмдi, –
ештеңе етпес,
түс – түлкiнiң боғы деп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңыз

  • 0
  • 0

Кең даламды кемiтiп
дедiң-ау сен: құла түз.
Тыңдатқызар елiтiп
құла түзде тұнып тұр

Толық

Фариза Оңғарсынова

  • 0
  • 0

Фариза - ақын,
Сен ешуқта да
Жай сөйлей алмайсың.
Сен қашанда

Толық

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз

  • 0
  • 0

Тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.
Шашып-төгiп алардаймын бiр күлсем.
Жұлдыздардай, түндi түрткен тыншымай
тiл ұшына келiп-кетiп тұр бiр сөз.

Толық

Қарап көріңіз