Борышымды өтейін – Серік Рахымұлы

Бұл бетте «Борышымды өтейін» атты Серік Рахымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көтерілмеген көңілдің,
Себебін кеш түсіндім,
Тіршілікке алданып,
Жүргеніме өкіндім.
Орта жасқа келіппін,
Бұйырғанын көріппін.
Мəңгі тірі жүрердей,
Бейқам өмір сүріппін.
Күн артыннан күн өтті,
Қайран жүрек дір етті,
Небір ойлар мазалап,
Жігерімді құм етті.
Ауыртпайын жанымды,
Оятайын санамды,
Талаптанып талпынып,
Сынайыншы бағымды.
Сөзбен сөзді теңейін,
Өзімді өзім демейін.
Бар ынтаммен өнерге,
Сəлем беріп көрейін.
Өнер деген киелі,
Маған да ол тиеді.
Есте мəңгі тұратын,
Сөз табайын жүйелі.
Асығайын баптанып,
Қайраттанып шаттанып.
Борышымды өтейін,
Кетіп қалмай аттанып.
Пайдам тисін еліме,
Туып өскен жеріме.
Тəңірім қолдай көр,
Тартайыншы тегіме.
Адам боп келдім өмірге,
Қасиетті болу парызым.
Мына жарық дүниеге,
Көп қой менің қарызым.
Көтерейін көңілімді,
Іске асырып сөзімді.
Таныстыра білейін,
Келешекке өзімді.


Пікірлер (2)

Көке немере шөбереңіздің қызығын көріңіз

Керемет өлең! Менде ақынның немересі ем!

Фазылбек

Оте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері