Өмір кезек (50 жылдыққа достарға арналған өлең)
Өмір өтіп барады,өмір өтіп,
Қартайып күннен-күнге маза кетіп.
Қайта келмес сапарға аттанармыз,
Ол жақтан бір күндері хабар жетіп.
Замандас қатарымыз сиремесін,
Төтеннен бəле-жала түйремесін.
Күліп-ойнап жүрейік бұл өмірде,
Сыйластық арадағы үзілмесін.
Сыйластық арадағы үзілмесін,
Жақсы əдет артта қалар біз кеткесін.
Біреуің теріс жолға түскен кезде,
Көптеп,көмектесіп түзеткесін.
Көзіме ең бірінші көрінетін,
Досына шын пейілмен берілетін.
Сендерді сағынанмын,сағынанмын,
Əзіл айтып көңілді көтеретін.
Адамдық қасиетті түсінетін,
Жасқа келдік айтатын өсиетін.
Тəңір ием біздерге өмір берсін,
Өнегелі сөз айтып көсілтетін.
Тірісің,жүректерің дүрсілдесін,
Ешқашан ауырмасын,күрсінбесін.
Өзіңді артық санап басқалардан,
Мəңгі тірі жүрердей шіренбессің.
Өмір өтіп барады,өмір өтіп,
Өзіне жақпағанды соңына ертіп.
Олардың өмірлерін жалғастырар,
Келешек ұрпақтары кезек күтіп.
Өмірге біреу келер,біреу кетер,
Білерсің мына жалған өтіп кетер.
Замандас бір-біріңді құрметтей біл,
Өмірден жақсы да өтер,жаман да өтер.
Bibifatima
Керемет Шабытыңыз ашыла берсін
Bibifatima
ТамашаBibifatima
Тамаша
Bibifatima
Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын
Bibifatima
Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын
Bibifatima
Тамаша керемет қаламыңыздың қарымтасы қайтпасын
Аяла
Фаризаның өлендеріне ғашықпым
Myrza
Өте керемет!