Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің жолы осындай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бұл өмірге келгесін,
Ата-анаға еркесің.
Ақ бесікке бөленіп,
Бейқам өмір сүргесің.

Сəбилік шақ,бал дəурен,
Осылай өтет жан сəулем.
Көзінен таса қалмайсың,
Оларға қуаныш нұр-бейнең.

Ер жетесің толасың,
Он сегізде боласың.
Албырт жастық кезің ғой,
Ойын-сауық қуасың.

Жиырма бес-отыз жасыңда,
Тау қопарған жігітсің,
Қырық-елу жасыңда,
Түз қыраны бүркітсің.

Жылдар жылжып өтеді,
Алпысқа жасың жетеді.
Сұмдықтың басы басталып,
Мазаң сенің кетеді.

Жетпіске жасың келгесін,
Ауырады аяқ жүргесін.
Отырғың келеді омалып,
Өз шамаңды білгесін.

Сексенге келсең селкілдеп,
Тоқсанға жетсең күркілдеп.
Тірідей əруақ боласың,
Төсекте жатып бүлкілдеп.

Төсек сорып солғанша,
Тұра алмай қор болғанша.
Кеткенің жақсы ол жаққа,
Пендеге күніңді салғанша.

Өмірдің жолы осындай,
Қимайсың бірақ досыңдай.
Жалт етеді,жоқ болад,
Суалған көздің жасындай.

Мына жалған дүние,
Мың құбылады күніне.
Біреуді жұтып түбіне,
Басқаны шығарад төріне.

Осылай өтеміз замандас,
Аға-іні,құрдас,қарындас,
Дұрыс па,əлде бұрыс па?
Бір-біріңмен ақылдас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің жолы осындай өлеңінің авторы кім?

Серік Рахымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің жолы осындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өмірдің жолы осындай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Рахымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің жолы осындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері