Өлең, жыр, ақындар

Махаббатқа куә болған

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1817
Танысқанда сен он бес-ақ жаста едiң.
Тұманбай Молдағалиев

Махаббатқа куә болған
дала-ау бұл,
Бәрi орнында анау өзен,
анау қыр.
Алматыға кеткенiмде мұңайып,
Осы ауылда бiр қыз қалған сонау жыл.
Он бесiңде
бой түзедiң, бүр жардың,
Түн жамылып терезеңе жүз бардым.
Сен арқылы
күллi әлемдi сүйдiм де,
Сен арқылы сырын ұқтым қыздардың.
Он бесiңде
шешек аттың, гүл аттың,
Мына жерде қызғаныштан жылаттым.
Сенiң ойлы көздерiңе ғашық боп,
Сенiң аппақ көйлегiңдi ұнаттым.
Гүлдер маған
сыбырлайтын үлбiреп,
Сүйгенiңдi,
күйгенiңдi бiлдi деп.
Саған үнсiз қарағаны бiреудiң,
Ауыртатын жүрегiмдi тiлгiлеп.
Жылдар өттi
талайларды жылатып,
Талайларды тұрмастай ғып, құлатып.
Сол ауылда он бес бала жыр жаздық,
Он бес жасар сол бiр қызды ұнатып.
Қызғаныш па,
бiле алмадым себебiн,
Барар жолда талай таяқ жеп едiм.
Терезеңнiң жақтауларын сипадым,
Екеуiмiздi бөлiп тұр ғой демедiм.
Сағынышым,
бой бермедi жеңдi аға,
Баяғыдай шалқымайды кең дала.
Мен де оралдым,
ол да оралды, оралдық,
Оралмаған бұл ауылға сен ғана.
Соңғы жылдар
сездiргендей күз лебiн,
Жоғалтсам да сенен күдер үзбедiм.
Содан кейiн бiр көруге зар болып,
Ақ сағымның ар жағынан iздедiм.
Сол сағыныш
бой бермедi, жеңдi аға,
Сондағыдай шалқымайды кең дала.
Қанша сұлу
арулармен сырластым,
Қайтып маған жолықпаған сен ғана.
Арман екен,
сол бiр шақтар гүл екен,
Ең ғажайып кезеңiмнiң бiрi екен.
Қайран жүрек
әлi iздейтiн сол бiр қыз,
Бұл жылдары қай қиырда жүр екен?
Жан сырым ғой
ұға алмаған өзге ешкiм,
Сезiмiңмен жұмысы жоқ кезде өстiм.
Бұл өмiрде бiр-ақ рет берiлер,
Мен осылай махаббатпен кездестiм.
Жағасында
көк бұлақты, көк тастың,
Қыста дауыл,
күзде жаңбыр жоқтассын.
Бұл өмiрде бiр-ақ рет берiлер,
Мен осылай махаббатпен қоштастым.
Өткенiңде
гүлдi аппақ көйлекпен,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен.
Менi әлi алға сүйреп келедi,
Қара көздi, он бес жасар бойжеткен.
Махаббатқа
куә болған дала-ау бұл,
Бәрi орнында анау өзен, анау қыр.
Алматыға кеткенiмде, мұңайып,
Осы ауылда бiр қыз қалған сонау жыл...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұйығылау боп өстiм де

  • 0
  • 0

Бұйығылау боп өстiм де,
Көкiректе арман сызаттап.
Сезбейтiн сiрә ешкiмде,
Мен сүйген қызын көршi ауыл,

Толық

Көктем. Кентау

  • 0
  • 0

Барлығы ұмытқандай мені мүлде,
Көргем жоқ бұндай азап өмірімде.
Жолданбай қалған кейбір хаттарымдай,
Жазылмай қалған шағым көңілімде.

Толық

Ташкентпен қоштасу

  • 0
  • 0

Ташкенге қарап жылағым келдi ардақтым,
Әлденелердi өзiңнен қайта сұрағым келдi
ардақтым.
Көңiл шiркiнiң толқыды-ай сол түн,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар