Тәйті мен Шыбыл шалға – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Тәйті мен Шыбыл шалға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 2
  • 13966
Қажыдан кеше ғана келді дерек,
Союға мал, шашуға ақша керек.
Тәйтекем, ұжмақтан орын тапты,
Қаза тауып, жарықтық, елден ерек.

Ақшаңды шаш, ағайын, малыңды же,
Жақсы өлімге жабығу болар қате.
Жас қалып, алдыңда кәрі кетсе,
Оның өзі емес пе той-мереке.

Меккеге біреу барса, Шыбыл барсын,
Шыбылдан басқаң барсаң, шығындарсың.
Қебінін өлгендердің жиып алып,
Ақыретке барғанда шырылдарсың.


Пікірлер (2)

Гулдана

Өлеңдері өте мағыналы және одан жақсы әсер алдым.Сіздерге рахмет!!

Нұрхат

Өте керемет тамаша кекті ашу деген

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері