Айтарым
- 0
- 0
Дауы бар, жаласы бар,
Меншілдік өктемдік бар.
Тыңдасаң жан ашығар,
Есінде көп кемдік бар,
Бұл бетте «Біреуге» атты Айдын Оңласын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдын Оңласын — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Айдын Оңласын өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Жолымды қара мысық – өсек кесіп,
Ызадан булығамын қос өкпе ісіп.
Ауысса бір үзім нан, бір шыны шай,
Қайтып біз ел боламыз есептесіп.
Тіршілікте әр алуан іс табылар,
Маған да бір жақсылықтың таңы бар.
Тондылық пен қоңдылыққа мән берме,
Есті болсаң ет қашқанда танып ал!
Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?
Жатам ба жол ортада үздігіп мен?
Жоқ әлде табысымды табамын ба?
Жаныма қуат жиып ізгіліктен.
Ойларым мақсат еткен тірліктегі,
Қаншама қамшы бастым, бір бітпеді.
Ғұмырдың қырық жылын қыр асырдым,
Сонда да жұрттан асып, білдік нені?!
Жека
Ммм маған ұнайды!