Мұқағали ақын – Айдын Оңласын

Бұл бетте «Мұқағали ақын» атты Айдын Оңласын жазған поэзия туралы өлең берілген.

Тебіренмсем ақиық ақын жайлы,
Жан-жүрегім дәл оттай лапылдайды.
Қалайша келістірер десеңізші,
Әсемдеп,әрлеп,сырлап болған жайды.

Бар сезімін өлеңге сыйдырыпты,
Оқушысын күйдіріп-сүйдіріпті.
Оқырманның жүрегіне сәуле беріп,
Жырларымен іс жасаған игілікті.

Өле-өлгенше сүйіп өткен үш бақытын,
Ұрпағына қалдырған жыр жақұтын.
Өлеңдері әр жанның санасында,
Мәңгі жасар жырымен халқы үшін.

Қара өлеңді дәріптеп,үлгі қылған,
Халқы алқа таққа сұлу жырдан.
Маңдайына біткен бағы қазағымның,
Жүз жылда бір туатын тұлпар тыңнан.

Бөліп қарау мүмкін емес өлеңінен,
Жарып шыққан жүрегінің тереңінен.
Шығарамасын бей-жай оқу мүмкін емес,
Оқырманға ой салар мазмұны кең.

Сұлулықтың сипаттады түр-түсін де,
Белгісіз тылсым сырын,мол күшін де.
Қаншама жырлар жазып кетті өмірден,
Әттең-ай,құрметтелмей тірісінде.
13.02.2014


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар