Шөпшекті өлең – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шөпшекті өлең» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1218
Аяп та сені аурумын қоса көптен мен,
Амалым қайсы азап та бірге шеккенмен.
Жазар ем сені, дәрі қайнатуға болмайды-ау,
Өлеңдерімнің ішіндегі ғажап шептерден.
(Ж. ЖАҚЫПБАЕВ. Шұғынық көл. 62-бет)
Жастайымнан қиындықты көп көргем,
Көп күнімді қапалықпен өткергем.
Қара суық өтіп кейде өкпемнен,
Таңнан тұрып, масақ тергем, шөп тергем.
Келе-келе өлең қуып кеткем мен,
Ұзақ жолда талай терді төккем мен.
Қайта-қайта аяғыма оралып,
Көп сүріне берген едім шөптерден.
Ауырасың,
Сезем оны көптен мен,
Амалым не, бірге азап шеккенмен.
Әттең, әттең, дәрі жасай алмаймын
Өлеңімнің ішіндегі шөптерден...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері