Өлең, жыр, ақындар

Дау

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Менiң елiме
Қызыл көз,
Қызыл кеңiрдектi
Даулар кiрген.
Ақыл-есiн адастырып,
Бiр-бiрiн иттей таластырып,
Iштен iрiтiп,
Тоз-тоз ететiн
«Жаулар» кiрген.
Жұрт бiткен
Қара ниет пен
Қара түнектiң iшiне
Шым батқан.
Адамдар
Iбiлiстiң зәрiн iшiп,
Албастының дәретiн жегендей
Жын қаққан.
Сайтандар
Адам кейпiне кiрiп
Жылмаңдап жүрген.
Зымиян сөздер
Елдiң iшiне –
Жыландай ирелеңдеп –
Сумаңдап кiрген.
Адам бiткен
Бiр-бiрiн
Қазықтай қаққан.
Қақпандай қапқан.
Бiр-бiрiн
Местей домалатып,
Киiздей сiлкiген.
Сұрқия көздер
Босағадан аңдып
Тiмiскiлеп тiнтiген.
Қарғалар сияқты қалбаңдаған
Қап-қара жалалар
Ағайын мен ағайынға
Қарқылдап келiп,
Қарқылдап барған.
Ел iшi
Өсектiң өртiнен
Қураған қамыстай
Сатырлап жанған.
Бiр-бiрiн көрместей болған,
Өлiмiне келместей болған.
Осылай
Қызыл көз,
Қызыл кеңiрдектi
Даулар басталған.
Сол кезде елiмдi
Iргеде аңдып отырған
Жаулар бас салған!
Жоңғар бас салған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы мәртебелі өтірік

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Жоғарыда жүргендер де,
Төменде жүргендер де
Газет беттерінен,

Толық

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды

  • 0
  • 0

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды
образ, ой боп табысып —
ақтарып бәрiн сөйлеген
өзеннiң, көлдiң, орманның

Толық

Жұмбақ

  • 0
  • 0

Бір жұмбақ айтайын —
Шешсең —
Мына менен
Қалайтыныңды ал.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер