Қазақ қызы
Қазақ қызы,
Пəк едің бұрындары..
Арың сенің ақ еді сүттен-дағы.
Еш жамандық жаныңды былғамаған,
Судан тұнық, таза едің, мөлдір лағыл.
Кім кірлетті жаныңды?
Не жетпейді?
Жаның арға - садаға,
Болмайма енді?
Намыс қайда ақшадан биік тұрған?
Əлде өлген бе, қиындық көрмей-тегі..
Не көрмеді қазағым ақтарсам сыр,
Бірақ біздің аналар,
Сүйегі асыл.
Ешқашан да түсірмей арына дақ,
Ұлт ұятын сақтаған
Сан мың ғасыр!
Бермедік қыз кəпірге, аш қалсақ та,
Сақтап еді ожданын от жауса да.
Тастап кетті тектілік аруларды...
Көрсетпеген ақ тəнін бөгде жанға.
Ұят та безді қыздарды тастай қашып,
Иманың тұр əлсіреп, арып - ашып.
Келін болар келісті талай қыздар,
Көше кезіп түнде жүр тәнін сатып.
Қытай көрсе қылымсып, қылмыңдайды
Ақша берсе қуанып, жымыңдайды.
"Алаш" деген атағын сата салып,
Ли ұрпағын тууды армандайды.
Армандайды юаньның көп болғанын,
Ойланбайды ұлтының шет қалғанын.
Ол өмірге əкелер талай ұрпақ,
Жиен емес, жылан боп ораларын.
Неге сонша санасыз боп барамыз?
Қыз қорлауды бастаған өз ағамыз.
Қарындасын ермек қып, тастай беру...
Сəнге айналды ...
Қалайша қорғанамыз?
Қызға "ар"- деп қарамау зор зобалаң,
Жатыр таза болмаса, балаң арам.
Ойланайық бауырлар, ағатайлар...
Қыз бұзылса - ертеңгі күнің қараң!
Ар жоғалса, жоғалар қазақ бірге,
Қыздың ары — ұлт ары,
Əттең дүние!
Өз елінде қор болса ару біткен,
Өзге елге күң болар мəңгілікке!
Аялаңдар қыздарды қазақ жігіт,
Жағдай келсе ала бер, қалың беріп.
Өзге елге күң болып, қор болғанша,
Өз елінде отырсын тоқал болып!
Ойнамаңдар, қыздардың тағдырымен,
Қыз жыласа, басыңа қайғы төнер.
Зина — қарыз, қайтарар жақыныңмен,
Өз қолыңмен кімің бар, отқа итерер?
Оян қазақ,
Адамсың,
Емес айуан!
Адал жолмен ел едік ұрпақ жайған.
Кім қорласа аруды - дүре соқсын,
Əйтпегенде қыз адал болсын қайдан?
Аялаңдар қыздарды əлпештеңдер,
Олар біздің болашақ бəйшешектер.
Қыз тағдыры — ертеңгі ел тағдыры,
Өз ұлтыңды өлтірме зинаменен..!
23.06.2018
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі