Ақын мен бұлбұл

Бұл бетте «Ақын мен бұлбұл» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 978
Ойды оятар бұлбұл дейді сайрағыш,
Сонда, ақыннан болған ба ол ойлағыш?
Бұлбұл – гүлдің, ақын – елдің еркесі,
Ақын болсаң, жан толқыта, самғай ұш!
Сұлу сазы секілді әсем гүлдік жыр,
Сыр қозғағыш сиқыры бар жырдың бір...
Дүр сілкінте сайрап тұрған сияқты
Әр ақынның жүрегінде мың бұлбұл!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері