Шаршау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шаршау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 899
Мен қазiр
Әлдекiмдермен күресе-күресе –
Таудың басына
Тас арқалап шыққандай –
Борша-боршамын,
Арса-арсамын.
Мен қазiр
Әлдекiмдермен тiресе-тiресе
Аспаннан – күркiреп жатқан! –
Қорғасындай ап-ауыр
Қара бұлттарды
Жерге сүйреп түсiргендей
Қажып шаршадым.
Шаршадым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері