Бұл бетте «Тай мінем» атты Егеухан Мұқамәдиқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазда жайлау,
Бие байлау,
Өте қызық тамаша.
Топ-топ бала
Құмарлана
Жүгіреміз жараса.
Құлын ұстап,
Алсақ ұшпақ,
Желіге әкеп байлаймыз.
Мақтана біз шаттанамыз
Ауыл салты тойлаймыз.
Тай мінгенде,
Мөңкігенде
Жалдан ұстап аласың.
Болсаң да мәз,
Тәжірибе аз,
Оқыс құлап қаласың.
Ызаланып,
Намыстанып,
Тайға қайта мінесің.
Жігерленіп,
Бермей ерік,
Бас білгізіп жүресің.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі