Арманым да адыра қап, күйреген – Құралай Омар

Бұл бетте «Арманым да адыра қап, күйреген» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Арманым да адыра қап, күйреген,
Үмітімнің қауырсыны сиреген.
Жапырақ қой қоштасарда, мен емес,
Жылап тұрып, соңғы биін билеген.

Қалықтап кеп, қара жерге құлаған,
Мәңгі ұмытып күзін сосын ұнаған.
Тағы алдаймын, көз жасымды жасырып,
«Ол мен емес, аспан ғой, – деп, – жылаған».
Күндер өтер, ауыр бұлтқа ілініп,
Жүрек қалған әр жерінен тілініп.
Қаңыраған суық қала жауратты,
Сенің жоғың білініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері