Тау ішінде тауды жырлап өтемін
Бұл бетте «Тау ішінде тауды жырлап өтемін» атты Кәкімбек Салықов жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 25.11.2024
- 0
- 0
- 1001
Тау ішінде тауды жырлап өтемін,
Көл шетінде құсқа құрмет етемін.
Қырға шықсам, қызыл ішек киген қыз,
Жырлай-жырлай өзіңді іздеп өтемін.
Жаршысымын туып-өскен даланың,
Аққу-қазға сәлем айтар бар әнім.
Сұлу көрсем бір сүймеуге хақым жоқ,
Жүдеп тұрмай, жүрек тілін аламын.
Алыс жолда елді жылдам сағынам,
Ата-баба зиратына табынам.
Қайда жүрсем, ауылым, сені көп ойлап,
Жөнді жәрдем тимеді-ау деп қамығам.
12.04.2012.
Астана
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі