Көктемгі сурет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көктемгі сурет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Аспанымды –
Жүндей қопсыған –
Қара бұлттар
Қамап жатты.
Қып-қызыл жыңғылдардай
Қып-қызыл найзағай-сабаулар
Қара бұлттарды
Жүндей түтiп
Сабап жатты.
Қайта-қайта күркiреп
Қақ жарып сабады.
Желмен төңкерiп
Аударып сабады.
Қаратауға
Жайып сабады.
Алатауға
Салып сабады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері