Меңіреу түн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Меңіреу түн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 983
Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,
Неге, жаным, ендеше дай боламыз?
Меңіреу түн.
Мен жалғыз. Балкондамын,
Терезеңе телміріп, жаутаңдадым.
Шалынбадың көзіме, төзім бітті,
Күл-парша етіп жүректі талқандадың.
Талқандадың,
Бөлінді санам санға,
Күңгірттеу боп көрінді ғалам сонда.
Елестетем, періштем, бейнеңді мен,
Қасіретке тұншыға қамалсам да.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері