Күз көрінісі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Күз көрінісі» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1207
Көтерілсе аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай —
Күміс моншақ шық түсіп,
Тау басына,
бусанып
Бозғыл тұман оралып,
Тентек толқын шу салып,
Өзені мың бұралып,
Мәуе пісіп балбырап
Маужыраған қоңыр күз,
Алма пісіп балбырап,
Көзді тартқан,— көріңіз!
Жерде жазғы жайқалған
Орып болып егінін.
Көз жіберсең байқалған
Көңілдірек ел бүгін.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері