Белгілі жәйт

Бұл бетте «Белгілі жәйт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2717
Белгілі жәйт:
Таныстықтың жемісі —
Шақырған соң,
Қалған едім келісіп,
Мен келгенде
Спектакль — кеште бұл
Алған екен ролін жұрт бөлісіп.
Сарай-залға төселулі таскілем,
Дастарқанда ағыл-тегіл ас кілең.
Алтын толы саусақтарға
Өзара
Қарасады қыздар көздің астымен.
Құс фермада қалмағандай құс тегі,
Иіледі үйрек-қаздан столі.
Болды әңгіме
Соңғы кезде сатуға
Қандай киім,
Қандай мебель түскені.
Жай айтылған қалжыңның да бар мәні.
Жария боп қалды көптің арманы.
Болды әңгіме
Демалыста
Кімдердің
Қай теңізге
Кіммен бірге барғаны.
Болды әңгіме кімнің күні батқаны,
Болды әңгіме кімнің таңы атқаны.
Болды әңгіме
Кімнің қайда ауысып,
Кімнің қайдан үй алғалы жатқаны.
Болды әңгіме әлдекімнің ақылы,
Кімнің-кімге бататыны тақымы.
Болды әңгіме кімнің-кімге алысы,
Болды әңгіме кімнің-кімге жақыны.
Болды әңгіме жиында кім бөскені,
Кімнің жолын кімнің қалай кескені.
Болды әңгіме кімнің қалай құлдырап,
Соңғы кезде кімнің қалай өскені.
Сөздер,
Сөздер...
Рюмкаша шекісті
Біреу көппен,
Біреу бөлек — жеке ішті.
Біреуінен сыр аңғарды біреуі
Біреу жайлы пікір айтып екі ұшты.
Той-томалақ,
Сауық кештен қалмайтын
Сөзшең жеңгей үшін мынау қандай түн!
Қозғалғанда жұмыс жайлы әңгіме,
Кімді-кімнің қолдайтынын қалды айтып.
Саналардың сәл-сәл ашық қақпасы...
Сүрінбейтін тегіс жерді тап басып,
Жеткізсін деп жеткізетін адамы
Жас басшыны қойды өтірік мақтасып.
Осы бір кеш шымбайыма батты анық,
Экранда:
Вертолетпен аттанып,
Машинаның жарығымен
Хирург
Әлдекімнің соқыр ішегін жатты алып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгілі жәйт өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Белгілі жәйт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгілі жәйт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгілі жәйт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері