Бостан-босқа шытылмайды қабақтар – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бостан-босқа шытылмайды қабақтар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4538
Бостан-босқа шытылмайды қабақтар.
Байқайсың ба,
Сенде қызық әдет бар:
Шын дарынды дұшпаныңды жамандап,
Қабілетсіз достарыңды мадақтар.
Жығу емес —
Ұғу елге керегі.
Қай кезде де әділетті, зерек ұл.
Мықты болсаң,
Кемістігін досыңның
Жетістігін дұшпаныңның көре біл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері