Теңселіп тірлік дарағы – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Теңселіп тірлік дарағы» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Теңселіп тірлік дарағы,
Көбейіп өмір залалы.
Онсыз да көңіл қаралы,
Онсыз да жаным жаралы.
Күн қашқандай көгімнен,
Мұң басқандай даланы.
Жазалау үшін бергендей
Жазылмайтын жараны.
Арамдыққа адамның
Ашылғандай араны.
Тәтті құмар көңілдің
Түгесілді шарабы.
Тұрқы төмен заманның
Тырысып тұр талағы.
Түлкінің де түрі бар
Таусылғандай амалы.
Уақытқа не шара,
Улап алған сананы.
Дүйім елді діңкелеп,
Дүние не боп барады!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері