Көңіл алдап – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Көңіл алдап» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 516
Көңіл алдап,
Көз бояп,
Опа жағып безендік.
Сыртымыздан оқ атып,
Семсер ұстап кезендік.
Бірі – апат,
Бірі – жұт.
Бірте-бірте құрыдық,
Кезең,
Кезең,
Кезең ғып!..
Мұңымызды түсініп,
Сырымызды сезерлік
Жағдай болмай,
Жай болмай –
Бетімізбен безердік,
Ернімізбен кезердік.
Жүрегіміз қан жылап,
Жер қалмады төзерлік.
...Осындай жалған дүниеде
Өмір сүрудің өзі – Ерлік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері