Дәптер – Жәди Шәкенұлы

Бұл бетте «Дәптер» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2094
Аялаған ақ дәптер,
Аппақ дала секілді.
Ақ қаламым ақ кептер,
Өрнектейді бетіңді.
«Ата» десем ақ дәптер,
«Бата» берді «5» пенен.
Қата кетсем ал егер –
Қарайды «2» сеспенен.
Үйренбесем сәл тынып,
Ұяламын дәптерден.
Білім ғана мәңгілік,
Бақыт берген, бақ берген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері