Өлең, жыр, ақындар

Тақ маңы

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 942
Бұл заманда билікті бақ деп білер,
шын бақыттың тұғыры тақ деп білер.
Айналасы жарамсақ тәуелділер,
ақ машина ат болар баптап мінер.
Тыныш әлем – тақ маңы – мақсатты жер,
еңселі емен есіктен асқақ кірер.
Тақ сөйлесе, иіліп,
тақ езуін
тарта қалса, бұл байғұс сақ-сақ күлер.
Бақ-дәулеттің сорпасы майлы келер,
қуаты мол Күн менен Айды бөгер.
Көзі шелді, жайы жоқ өзгелердің
басындағы қасірет-қайғыны елер.
Кіруге асық басшыға жарықтық ел,
бәрі иіліп қабағын бағып кірер.
Май жүректе лүпіл жоқ – кімнің адал,
кімнің арам екенін танып білер.
Биліктіде дос та көп, айран да көп,
соңын ойлап үңілмес жайларға көп.
Кісілігін, кімнің кім екенін де
біледі адам бастан бақ тайғанда тек.
1991



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым

  • 0
  • 0

Атыңдар, ақ таңдарым, арайларым,
арайдан үміт тұнған тарайды ағын.
Шашыңдар шуақтарды, кеуде-ұядан
қияға қанат қақсын сан ойларым!

Толық

Жер ортасына келгенде

  • 0
  • 0

Жер ортасына келгенде
пайда болды бір құзыр:
өңешім бе, кеудем бе –
өртейді кеп бір қыжыл.

Толық

Перзент сөзі

  • 0
  • 0

Әкем — менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр-ау, қайдан бәрін?!

Толық

Басқа да жазбалар