Қоңыр

Бұл бетте «Қоңыр» атты Ықылас Ожайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1346
II
(Қ.Жантілеуовке)

Қоңыр-қоңыр таулардың
Қолтығынан қой өріп,
Қоңыр үйдің ішінде
Қоңыр салқын ой өріп,
Маңырауық маңдайым
Ой дүретіп неше мың
Жасыл маңдай қыраттан
Жасыл сөз боп есемін.
Жасыл ойым саз еді
Жазиралы жаны ізгі,
Қоңыр сазға гүл атқан
Қара тастың қауызы.
Қайтқан құстың қаңқылын
Өзегіне толтырып,
Тырна жілік, төрт ойық
Сұңқылдайды сыбызғым
Аспан аңқып ауызы.
Мен осылай аңқыдым
Қос ішекке қондырып,
Қоңыр қаздың қаңқылын.
Солқылдатып күй шалған
Әй, шалдар-ай, шалдар-ай
Сезім кешіп неше мың
Керегенің астынан
Күй тұнады күмбірлеп
Ернеуіне кесемнің.
Кім түсінер күй ұқпай,
Бұл пәнидің баянын,
Күймен бірге жөңкідім,
Жерге тимей аяғым.
Жан еріген сол сәтте
Маңдайымнан күн шығып,
Таңдайымда ай туып,
Күй кілкіген кесемді
Ұрттап-ұрттап қоямын.
Қайда кетті сол шағым
Қоңыраулы қоңыр үн?
Қоңырымды жоғалтып,
Тас көшені торыдым.
Жаңбырына жанардың
Омырауым боялып.
Қайнай-қайнай қаңсыды
Алпыс екі тамырым.
Тоғыз перне бетінен
Толқып соққан самалмын,
Толқын-толқын самал боп,
Сағасынан ағамын.
Қос ішектің үстіне
Құс дауысын жусатқан,
Сен аман бол, қоңыр үн
Сен аман бол, шанағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр өлеңінің авторы кім?

Ықылас Ожайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ықылас Ожайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері