Жұт – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жұт» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1318
Есігім алды көкорай шалғын еді,
таза ауамен тазартар таңғы лебі.
Атамыздың көзіндей аула-қора,
айран, қымыз – жүдеген жанның емі.
Қозы қарын қарбыз бен қауын, бағым,
қаны-қарық болатын ауыл, маңым.
Бар мүлікті сатты да көрінгенге
быт-шыт қылды бір күнде бауырларым.
Босағасы бұзылды үйімнің де,
түйе кетті біреуде, сиыр кімде,
«Бұларың не?» - дегенде, еститінім:
«Күнелт енді күркеңде, қиыңды үрле!»
Көзден бұлбұл ұшты да балғын күнім,
енді жаутаң қағады әркімге ұлым.
Бабалардың жұртында шалажансар
қайырлаған балықтай қалдым бүгін.
1999


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері