Ата-ана жүгі аманат! – Нарша Булгакбаев

Бұл бетте «Ата-ана жүгі аманат!» атты Нарша Булгакбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ата-анаға кұрмет қыл,
Аманат жүгі түскенше.
Қарыздан ешкім құтылмас,
Қабірге жаны кіргенше.

Он сегіз мың ғаламды,
Бір Алла өзі жаратқан.
Пайғамбарымыз жөн беріп,
Пендесіне адасқан.

Бұрынғы өткен жандарда,
Армансыз өткен жан бар ма?
Ырзалық етіп жылайық,
Құдіреті күшті Аллаға.

Жаннатты анадан іздеп ек,
Төрінде жүруді нəсіп ет.
Табан астынан іздеген,
Амалдарымызды қабыл ет.

Қалауы көп қой пенденің,
Өлімді жеңген жан бар ма?
Қосылармыз бәріміз,
Мақшардың күні болғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері