Ғажайып нұрға шомылдым – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Ғажайып нұрға шомылдым» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 563
Көгілдір дүниенің ішінде
Көгілдір боп жүрдім, түсімде.
Көк жақты ұнатқаным үшін бе,
Ғажайып, нұрға шомылдым.

Миуа бақ, есті алған бір әуен,
Тыңдасам, шаттықтан жылап ем.
Боялып, алқызыл қынамен
Ғажайып, нүрға шомылдым.

Жұлдыз мұңымды ағызып,
Көлге жыр-шарап тамызып.
Гүл-шаттық ұсынды, бақ үзіп,
Ғажайып нұрға шомылдым.

Жаныма домбыра сыйлаған,
Тартсам, тәтті боп, күй-ғалам.
Қуаныштың жасын тыймаған,
Ғажайып, нұрға шомылдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері