Дала қызғалдаққа шомылып жатыр – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Дала қызғалдаққа шомылып жатыр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 566
Опа-далабын бұлттардан жағып ап,
Көкжиек қызарды – найзағай соғып ап.
Хош иісі барады- кеудені жарып-ақ,
Дала- қызғалдаққа шомылып жатыр.

Көктемнің кірпігін боядым, жырыммен,
Қарағай жантайды, өзенге сүрінген.
Шар-жаным ұшып жүр, - шаттықпен үрілген,
Дала қызғалдаққа шомылып жатыр.

Самал жел тінтіп жүр, қайдасың, досым.- деп,
Самғап кеттім ғой, ақында – осы індет!
Алауын арбалып, кірмеді, есім көп,
Дала қызғалдаққа шомылып жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері