Кәлләм – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кәлләм» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1228
Жылқы айдаймын, көшкенде Жалбаспенен,
Ей-ау!
Ортан жілік бітеді жамбаспенен, кәлләм-ау,
Жамбаспенен, кәл-ләм!
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ей-ау, аман-есен жүрмісің мал, баспенен,
кәлләм-ау, мал, баспенен, кәл-ләм!

Айналайын көзіңнен күлімдеген,
Басқан ізің жүргенде білінбеген.
Сен есіме түскенде сенсең, қалқам,
Ұзақ таңға бұл көзім ілінбеген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері