Абай, күнім-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Абай, күнім-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2470
Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,
Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Бір белгісі өнердің, ей, көрінеді,
Жіп тартатын мәшине көлмекпенен.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Мына сөздің келбеті, ей, келген жері,
Бәрі де анық адамға өлмек деген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Бағаң артық баласың, ей, әуес қылар,
Кімдер мініп жорғаны терлетпеген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері