Екі жирен – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Екі жирен» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 4
  • 10588
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.

[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.

Ғизатлу хат жазамын, қалқам, саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.

[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.


Пікірлер (4)

Али Шакенбаев

Тарихы қандай

Бұл ән А. БАЙТУРСЫНОВТІКІ деген әңгіме бар.

Осы жөнінде қандай пікір бар?

Базарали Двесов

Бұл ән А. Байтурсыновтікі деген сөз бар.

Базарали Двесов

Тарихы жөнінде тартыс бар.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері