Кәмшат бөрік (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кәмшат бөрік (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3352
Алдымнан қарсы келдің, Ханзада қыз,
Көркіңе Құсни-жамал таң қаламыз-ай.
Ғалімдер әулетінен болсаң керек,
Иншалла, фахим етіп аңғарамыз-ай.

Қайырмасы:
Ау, ой, еркем,
Ау, ой, еркем!
Үкілі кәмшат бөркің-ай,
Туған айдай көркің-ай,
Былқ-сылқ еткен күлкің-ай.
Ой, білсең біл, білмесең қой,
Мені де өлер деймісің,
Ау, шіркін-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері