Заман-ай (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Заман-ай (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1194
Еріккенде шығам деп тау басына,
Салып алдым сақина сау басыма, заман-ай.
Сені қимай кетуге, қарағым-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына, заман-ай.

Қайырмасы:
Аты семіз арқаның,
Еті тәтті марқаның.
Қор қызындай бұралып,
Отырысы-ай қалқаның.

Қырға шықсаң көрінер қызыл еспе,
Қырғауылдай көрінген біздің көш пе, заман-ай.
Бармақ едім көшіме жете алмадым,
Кедейшілік, қайтейін, көзіңді ашпа, заман-ай.

Қайырмасы:
Аты семіз арқаның,
Еті тәтті марқаның.
Қор қызындай бұралып,
Отырысы-ай қалқаның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері