Аридау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Аридау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 967
Тілегін біз тіледік жас ұланның,
Күш-қайрат, үлгі, жігер бас ұланның.
Жүрегім сергісейші, серпіл қабақ.
Бола ма шыныменен ашылар күн-ай.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Болғанда біз—ақсұңқар, сен—ала үйрек,
Қосылған екі жақсы болар сирек.
Құрбыжан, сені ойлап сағынғанда.
Соғады тыным таппай қайран жүрек!

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Көзіңнен, айналайын, алтын қабақ,
Сен бе едің суда ойнаған алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ, ілінбейсің,
Айсұлу алма мойын, ей, ақтамақ.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері