Бұлақтың мөлдір суын сарқып алып – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бұлақтың мөлдір суын сарқып алып» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1160
Бұлақтың мөлдір суын сарқып алып,
Таулардың жылғаларын тартып алып,
Өмір-ай! Бара жатсың шалқып ағып.
Шыңдарға бұлттар төсін бауырлатып,
Ағыл-тегіл нөсерлеп жауындатып,
Өмір-ай! Бара жатсың дауылдатып.
Өзендер көкейінде арман қалып,
Алай-дүлей толқында жалмаң қағып.
Өмір-ай! Бара жатсың арнаңда ағып.
Ұмтылған өзендердің арнасы алға,
Толқын — өмір жалына жармасам да,
Ағамын, аялдамай әр қашан да!
Үлес қосам өмірге, үлесті алам,
Тіршілік ағысымен күресті Адам!
Бір сәуле шашу үшін өлеңіммен
Өмірдің ағысына ГРЭС салам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері