Ар мен намыс – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ар мен намыс» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 802
Бәрібір жақын-алысы,
Болмасын, Достым, қай елде.
Ерінде —
Халық намысы,
Халықтың ары—
Әйелде!
Түсірме қылау қаяуды,
Жан пида болсын ар үшін.
Арыңды қорғап аяулы,
Кірпігіңқақпа, намысым.
Намысқа салған таңбаны
Кешіре алмайсың ешқашан!
Арына салған таңбаны
Өшіре алмайсың ешқашан!
Бәрібір жақын-алысы,
Болмасын, Достым, қай елде,
Ерінде —
Халық намысы,
Халықтың ары —
Әйелде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері