Бұл бетте «Аугигай (1-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алыстан көрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.
Алыстан аңсап сәулем келгенімде,
Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.
Қайырмасы:
Уай, аугигай, қыздар-ай,
Құрбым-ай,
Формың сенің өзгеше-ай.
Қарағым, айналайын, мен де сендей,
Тартасың неге селсоқ көрмегендей.
Әуеде ұшып жүрген ақ сұңқарым,
Қонсайшы тұғырына кел дегендей.
Қайырмасы:
Уай, аугигай, қыздар-ай,
Құрбым-ай,
Формың сенің өзгеше-ай.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі