Арыған атым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Арыған атым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1307
А-ей! Халәләлә, халәләләләй.
Бұқардың наны тәтті, жолы қатты,
Айдадым жолға салып арық атты.
А-ай, а-а-ей, арық атты.
Алыстан ат терлетіп келгенімде-ай,
Ағытшы ілгегіңді, түймең батты-ай.

Жарасар, жапса кілем, тарланыма,
Жетпейді найза бойлап арманыма.
Тимеді төбем көкке екі-ақ елі,
Аулына қалқатайдың барғанымда.

Өлеңді бар да айтады, жоқ та айтады,
Басынан ер жігіттің бақ қайтады.
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын,
Үшеуі маңғаз ерді қартайтады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері