Асыл айнам
Бұл бетте «Асыл айнам» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнам деп ән саламын он екі алуан,
Сөзімде саған айтқан бар ма жалған.
Тілімді-оу, неше айтсам да, тыңдамайсың,
Жан құрбым, сенде нем бар, о, менің жазған, а, о.
Қарағым, айналайын, асыл айым,
Кәнеки, құрбы болып тиген пайдаң.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем ғой деп,
Мен едім саған, қалқам, құлаш жайған.
Қарағым, айналайын, асыл жарым,
Қай уақта тыңдалады менің зарым.
Бір ауыз жылы сөзің естір болсам,
Дүниеде болмас еді еш арманым.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі