Заулатшы-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Заулатшы-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2598
Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Кешегі құм шөл дала шаңырқаған,

Бүгін қара, тамаша таң қалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Артель ұйым біріккен ұранды бір,
Жанды қыздан есіткен бір терең сыр.

А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Жасы жаңа, жас құрбым, жатпа қарап,
Елің үшін еңбек ет, ертемен тұр.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері