Бұл бетте «Құшағында» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
17.08.2018
0
0
1898
Қызғанбашы менен сол,
Заңғар көкті қыраным.
Мен үшін ол әзірге арман,
Ал сен үшін тұрағың.
Келтіре алмай күй ырқына
Бұрауын бұл жүректің,
Оңашада талай толқып,
Тарқаттым да бұрадым.
Ол да менен безінген бе,
Қайда кеткен бұла әнім,
Қайда сол бір кеуде жарып,
Толқындаған бұлағым.
Шөгіп жатқан шың үстінде
Шөгер бұлттай ауырлап,
Құшағына тылсым ойдың
Теңселе кеп құладым...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі